Елімізде газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде
«Мемлекет басшысының газ нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу, ресурстық базаны ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында министрлік халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасын әзірлеуде»,- деді ол.
Министрдің айтуынша, жоспар газдың ресурстық базасын кеңейту, тұтынушыларды үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, газ тасымалдау жүйесі нысандарын жаңғырту және салу сынды бағыттардан тұрады.
«Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жеке еншілес ұйымы ретінде Ұлттық операторды бөлу арқылы мемлекет басқаруындағы газ саласының басымдығын арттыру мақсатында газ саласын басқару реформасын жүзеге асыру да көзделеді», - деді Нұрлан Ноғаев.