ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 230 237 кг-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% аз көрсеткіш.
Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% төмендеп, 395 864 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 16,8 пайызға азайып, 32 408 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 2,9 пайызға кеміп, 80 191 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 10,1 пайызға өсіп, 114 125 тоннаға жетті.