«Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісіммен жеке құттықтап, алдағы спорттық жарыстарда табыс тіледі. Елімізде барлық салада интеллектуалды қоғамды дамытуға баса назар аудару жағдайлары қуантады. Шахматтан әлемдегі ең жас чемпион ретінде интеллектуалды спортты дамытуға өз үлесімді қосамын», - деп жазды Бибісара Асаубаева Instagtam парақшасында.
Сондай-ақ шахматтан жас чемпион Президентке құрмет пен сенімі үшін алғысын айтты.
Еске салайық, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанған еді.