Елімізде іске қосылатын кәсіпорындар саны ағымдағы жыл соңына дейін 144-ке жетеді - Президент

None
А. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бүгінде Қазақстанның алдында тұрған басты мақсат - шикізаттық экономикадан қайта өңдеуге көшу болып отырғандығы баршаға аян.

Бұл үдеріс барысында тау-кен металургиясы саласына үлкен маңыз беріліп отыр», деді бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан минералды ресурстар мен металургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресс барысында.

«Біз жақында ғана республика бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, 72 кәсіпорынның іске қосылатындығын жария еттік. Олардың саны жылдың соңына дейін 144-ке жетеді. Сондай-ақ 47 ірі құрылыс нысандарының құрылыстарын бастадық. Құны 20 миллиард

АҚШ долларын құрайтын 191 нысан толықтай қаржыландырылды. Сондықтан олар міндетті түрде іске қосылады. Ал 2015 жылға дейін біз өзге де кәсіпорындардың құрылысын бастаймыз», деді Президент.