2023 жылғы маусым айында әлемдік нарықтарда оң үрдістер сақталды. PMI жаһандық композиттік индексі бес ай қатарынан нейтралды белгі 50 пунктен жоғары болып, маусым айында 52,7 мәнін құрады. Өндіріс пен жаңа тапсырыстардың өсуі баяулаған кезде қызмет көрсету секторы есебінен оң іскерлік белсенділік сақталды. Қазақстанда маусым айында іскерлік белсенділік 51,1 көрсеткішіне дейін жақсарды. Оның ішінде қызметтер секторында – 52,2, тау-кен өнеркәсібінде 50,9 болды. Бизнестің қазіргі және болашақ жағдайын орташа бағалауды білдіретін бизнес-климат индексі 16,0 мәніне дейін ұлғайды», - деді ҰБ төрағасының орынбасары.
Оның дерегінше, 2023 жылдың басынан бері дамыған елдердің акциялары 14 пайызға өсті. Ал АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі 3,84 пайызға дейін төмендеді. Доллардың индексі 0,6 пайызға әлсіреді.
«Дамыған елдердегі экономикалық белсенділіктің әлсіреуін күтулерге қарамастан, макроэкономикалық көрсеткіштер тұрақты болып, нарыққа қатысушылардың болжамдарынан асып түсуде. Дегенмен, АҚШ және Еуропа орталық банктері ақша-кредит саясатына қатысты қатаң риториканы сақтап отыр», - деді Виталий Тутушкин.