Елімізде қан айналымы жүйесі ауруының алдын алу жөнінде онкүндік өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік жүрек күні жыл сайын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымы ЮНЕСКО-мен серіктес Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен және Халықаралық ұйымдардың қолдауымен қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Бүкіләлемдік жүрек күнін аталып өтеді.

Бұл туралы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Республикада 2014 жылғы 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында « Сау жүректің пайдасына таңдау жасау - қиын емес! Сау жүректі таңда» ұранымен Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған қан айналымы жүйесі (ҚАЖ) ауруларының алдын алу жөнінде онкүндік өткізіледі.

Адам ағзасына өзі өмір сүріп, оқып және жұмыс істеп отырған, әсіресе қалалық жағдайда қоршаған ортаның әсері мол. Әлемде адамдар келесі жағдайларға тап болады: жасыл-желекке қолжетімділіктің жоқтығы; дұрыс тамақтанбау, оның ішінде мектепте тамақтану, фаст-фудты тұтыну; ішімдікті шамадан тыс тұтыну; шылымқорлық, адамдар көп жиналған орындарда, саябақтарда, қоғамдық көліктер мен жұмыс орындарда темекінің әсері.

Онкүндік шеңберінде нысаналы топтар мен медицина қызметкерлеріне арналған оқыту шаралары, қан айналымы жүйесі ауруының салдарынан болған өзекті мәселелерге жұртшылықтың назарын аудару, барлық халық тобы арасында ишемиялық ауру мен ми инсультіне қатысты профилактикалық шараларға бастамашылық ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық науқан жүргізіледі.

Сондай-ақ сондай-ақ онкүндік өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті, қан айналымы жүйесі ауруларының, олардың асқынуының алдын алу мен ерте анықтау шаралары жөнінде хабардарлықты арттыру; қан айналымы жүйесі ауруының алдын алуға бағытталған мәселелерді шешуге жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, бизнес құрылымдардың, ҮЕҰ-ның назарын аударуды көздейді.