«Электронды еңбек биржасында орналасқан хабарландыруларға сәйкес, бізде инженерлік-техникалық қызметкерлерге, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне сұраныс жоғары», - деді Тамара Дүйсенова.
Т. Дүйсенованың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 262 мыңға жуық адам келген. Оның ішінде 6 518 адам – «жұмысқа бару» мақсатын жазған адамдар.
«Тіпті пандемияға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясынан 24 816 адам, содан кейін 2019 жылы – 30 мың, 2020 жылы – 33 мың, ал өткен жылы – 32 мыңға жуық адам келген. Қазір келгендер мен кеткендерді ескере отырып, біздің қызметтеріміздің мәліметтері бойынша елге жұмыс мақсатында келген және нарықта жүрген 25 301 ресейлік бар. Оған жыл басынан бері келген 6 мың адамды қоссақ, 31 мыңға жуық ресейлік жұмыс істеп жүр», - деді Тамара Дүйсенова.