2020 жылы коронавирус инфекциясы және ҚР аумағында эпидемияға байланысты карантин және індетпен күресуге қатысты басқа да шаралар енгізілуіне байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жоспарлы тексерістері ішінара тоқтатылды.
Осыған байланысты 2020 жылы скринингтік тексерулермен жатыр мойны обыры бойынша - 786 690 әйел тексеріліп (жоспардың 83,5% -ы), 264 қатерлі ісік анықталды, оның 59,1% І сатысында;
744 972 әйел сүт безі қатерлі ісігіне тексеріліп, (жоспардың 75,5%), сүт безі қатерлі ісігінің 1072 жағдайы белгілі болды. Сүт безі қатерлі ісігінің 0-I сатысының үлес салмағы 48,6% құрады.
971 450 адам колоректалды қатерлі ісікке тексерілді (жоспардың 86,7%). Тексеру нәтижелері бойынша колоноскопиядан өткендер арасында ішектің қатерлі ісік алды аурулары 19 пайызы, ал колоректалды қатерлі ісіктің 187 жағдайы анықталды. I кезеңдегі колоректалды қатерлі ісіктің салыстырмалы үлесі 33,7%-ды құрады.