«Коронавирус жағдайы тіркелгелі еліміздегі стационарларға 21 шетелдік азамат түсті. Оның 14-і емделіп шықты. Жетеуі қазір емделіп жатыр, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі - Атырауда, біреуі - Қостанай облысында және енді біреуі - Солтүстік Қазақстан облысында. Олардың жағдайы бірқалыпты», - дейді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 18 наурыздан бері елімізге Ресейден 3 мыңнан астам қазақстандық келген.
«Бұл - студенттер, вахталық әдіспен жұмыс істеген адамдар», - дейді Айжан Есмағамбетова.