ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 128 576 келіге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% аз көрсеткіш.
Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8% пайызға төмендеп, 253 676 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 17,6 пайызға азайып, 21 025 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 4 пайызға кеміп, 52 027 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 5,4 пайызға өсіп, 74 081 тоннаға жетті.
Асхат Ахметбеков