Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,8 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметтері бойынша, тау-кен өндірісіндегі барлық салалар бойынша өсім 7,5 пайызды құрады. Олардың арасында ең үлкен өсім темір кендерін өндірумен байланысты болды. Нақтырақ айтқанда, аталмыш сала бойынша өсім 127,4 пайыз. Ал қайта өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім индексі 120,4 пайызға өсті. Олардың арасында ең үлкен өсім машина құрылысы саласында болды. Өсім - 197,4 пайыз. Сондай-ақ өнеркәсіп - 169 пайызға, мұнайды қайта өңдеу 125,7 пайызға артты.
Аймақтар бойынша алатын болсақ, өнеркәсіп өнімінің өсімі еліміздің барлық өңірлерінде байқалды. Олардың арасында Павлодар облысында өсім - 40,7 пайызды, Қостанай облысында - 40,2 пайызды, Оңтүстік Қазақстан облысында 32,4 пайызды құрап, аталмыш аймақтар ең үздік үштіктің қатарына енді. Ал Алматы облысы 25 пайыз өсіммен, сондай-ақ Атырау 21,9 пайыз өсіммен алғашқы үштіктен кейінгі орындарда тұр.