Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-тамызда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәні 6,6 пайызға жоғарылаған. Аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 47,1 пайызды құрап отыр.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым болып, бұл бөлшек сауданың жалпы көлеміне 64,6 пайызға тең келген. Ал азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға өсіп, азық-түлік тауарлар 2,3 пайызға ұлғайды. «2015 жылғы 1 қыркүйекке бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 304,8 млрд. теңгені құраса, саудадағы күндері - 54 күн. Сонымен қатар, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2015 жылы қаңтар-тамызда республикада Алматы қаласы (28 пайыз), Астана қаласы (10,7 пайыз) және Қарағанды облысы (9,4 пайыз) құраған», делінген баспасөз баянында.