«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.
19:00, 13 Шілде 2020
Елімізде карантин тағы 2 аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.