Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында, өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 74,6 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты -1,8 пайызды, басқа себептер бойынша - 23,6 пайызды құрайды», делінген агенттіктің бүгінгі хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазан айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,3 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,5 пайызды, кадр тұрақсыздығы - 1,9 пайызды құрады. Ағымдағы жылғы қарашада жұмыстан босатылған қызметкерлердің iшiнде 90,7 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды.