Өткен тоқсанмен салыстырғанда 2022 жылдың III тоқсанында өнім шығарудың заттай түрі азайды. Есепті кезеңде дайын өнімге сұраныс шамалы өсті. Осылайша сұраныстың өзгеруін бағалау балансы 3%-ды, өндіріс өзгеруін бағалау балансы 2%-ды құрады (2022 жылдың II тоқсанында тиісінше 2% және 5%).
2022 жылдың III тоқсанында жүргізілген сауалнамалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған өнеркәсіптік кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі төмендеп, 5%-ды құрады. Бұл ретте өнеркәсіптік кәсіпорындардың 69%-ы қазіргі сәтпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметтің өзгермейтіндігін, 13%-ы жақсаруды және 9% -ы нашарлауды күтеді.
Сонымен қатар алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда тұтынушылық сұраныс өзгеріссіз қалды. 2022 жылғы III тоқсандағы сұраныстың өзгеруін бағалау балансы екінші тоқсанмен салыстырғанда -4% (2022 жылғы II тоқсанда -4%) құрады, тауар айналымы көлемін бағалау балансы 1%-дан 0%-ға дейін төмендеді.
Сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі -2%-ды құрады. Мұндай айтарлықтай төмендеуге сұраныс пен экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы әсер етті.
Сауда кәсіпорындарының жартысынан көбі – 61% ағымдағы сәтпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметтің өзгермейтіндігін күтеді, 14% жақсарады және 11% нашарлайды деп болжануда.
Құрылыс кәсіпорындарының басшылары 2022 жылдың III тоқсанында 2022 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті. Мәселен, тапсырыстар портфелінің бағаларын өзгерту балансы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда азайып, 2%-ды құрады. Орындалатын жұмыстардың нақты көлемінің өзгеруін бағалау балансы 7%-дан 2%-ға дейін төмендеді.
Алынған құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өзгергерді және (-4%)-ды құрады.
Құрылыс кәсіпорындарының 67%-ы қаржылық-шаруашылық белсенділіктің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалатынын, 9%-ы жақсаратынын және 11%-ы нашарлауын күтеді.