Алайда, бүгінде елде ондай фактілер орын алған жоқ. Ал көлік бағасының қымбаттағаны рас. Ол жаңа кедендік салықтармен байланысты. Бұл туралы бүгін Астанада он-лайн режимінде өткен конференция барысында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, көлік бағасының өсуі еліміздің Кедендік одаққа қосылуына ғана байланысты мәселе емес. Сонымен қатар елдегі кедендік саясаттың, нақтырақ айтқанда бірқатар тауарлар мен қызмет түрлеріне салынатын салықтардың өзгеруімен де байланысты болып отыр. «Бұған қоса, еліміз сырттан әкелінетін ескі көліктерге салынатын салықтар көлемін де арттырды. Бұл мәселе төңірегіндегі пікірталас біршама уақыттан бері өрбіп келеді. Бұл баршаға мәлім. Меніңше, бұл өте ұтымды шара. Себебі ол елдегі экологиялық жағдайды реттеумен де тығыз байланысты. Қазақстанда ескі көліктердің салдарынан экологиялық жағдайдың күрделене бастағанын бәріміз білеміз», деді агенттік төрағасы.