Елімізде көліктердің техникалық байқаудан өтпей қалуына тежегіш жүйесінің ақауы себеп болған

АСТАНА. Қазақпарат - 2015 жылы 2,5 млн көлік техникалық байқаудан өтуге барған. Оның ішінде 294,5 мың автокөлік бірінші реттен техникалық қарап тексеруден өте алмаған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Көлік құралдарының техникалық байқаудан өтпей қалуы көпшілік жағдайларда тежегіш жүйесінің ақауынан болады, делінген хабарламада.
2015 жылдың қорытындысы бойынша елімізде тіркелген 4,4 млн автокөліктің (жеңіл - 3,6 млн, жүк көлігі - 452 мың, автобустар - 101 мың, мотокөлік - 86 мың) 2,5 млн-ы техникалық байқаудан өтуге барған. Оның ішінде 2,2 млн-ы бойынша көліктен ешбір ақау табылмай, техникалық байқаудан өткені жөнінде құжат берілген.
Тек 294,5 мың автокөлік бірінші реттен техникалық қарап тексеруден өте алмаған.

Көлік құралының техникалық байқаудан өтпей қалуының себептері көпшілік жағдайларда мынандай ақаулықтардан болады:

- тежегіш жүйесінің ақауынан - 106,6 мың;

- рулмен басқарудың кемшілігі - 28,2 мың;

- сыртқы жарық беру аспаптарының ақауы - 148,3 мың;

- конструкцияның басқа элементтері бойынша - 76 мың көлік.