НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен өзге де аурулардан болатын өлім-жітімнің статистикасы бөлек жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемкомиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
Егер науқастар инсульттан немесе басқа да ауыр аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса COVID-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді.
«Қазіргі уақытта елімізде осындай 25 жағдай анықталды. Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады» делінген хабарламада.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.