Елімізде коронавирус пневмониясына қатысты 52 жағдай тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониясына қатысты 52 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«12 наурызда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 52 жағдайы тіркелді. Оған қоса 180 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны – 49 801, 653 өлім тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 895 жетті»,