Өңірлер арасында коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр – 942 308 (1 қарашада - 940 372). Одан кейін Түркістан облысы – 887 854 (882 551), Шығыс Қазақстан облысы – 791 709 (786 646), Алматы облысы – 735 907 (733 491), Шымкент қаласы – 517 253 (515 772) және Қарағанды облысы 505 069 (503 664) орналасқан.
10:03, 02 Қараша 2021
Елімізде коронавирусқа қарсы І компонентпен 8,3 млн адам егілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 320 106 адам салдырды, II компонент 7 527 397 адамға егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.