Елімізде коронавируспен ауырған 181 пациенттің жағдайы өте ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавируспен ауырған 181 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 859 адам коронавирус инфекциясынан (39 385 КВИ және 474 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 034 пациент стационарда, 25 825 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр.
КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 679 адамның жағдайы ауыр;
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.