Елімізде коронавируспен ауырған 2,2 мың сырқат стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавируспен ауырған 2 264 пациент стационарда емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 610 адам коронавирус инфекциясынан (–14 643 және 1 967 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 264 пациент стационарда, 14 346 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында 213 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.