«28 тамыздағы мәлімет бойынша, 114 764 адам коронавирус инфекциясынан (–108 064 және 6 700 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 25 694 пациент стационарда жатыр, 89 070 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 810 адамның жағдайы ауыр, 506 пациенттің жағдайы өте ауыр, 308 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.
09:39, 28 Тамыз 2021
Елімізде коронавируспен ауырған 25,6 мың пациент стационарда жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 тамыздағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.