Елімізде коронавируспен ауырған 671 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 671 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 318 адам коронавирус инфекциясынан (38 889 КВИ және 429 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 756 пациент стационарда, 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты 19 сәуірдегі мәлімет бойынша 135 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 66 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлық науқастар саны – 52 025, 757 адам өлім тіркелген, 50 839 адам сауығып кеткен.