Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 13800-ден асты
21:41, 01 Шілде 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 12 өңірінде коронавирус инфекциясынан 231 адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 231 адам коронавирустан емделіп шықты.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 70,
Алматы қаласында - 9,
Шығыс Қазақстан облысында - 16,
Ақмола облысында - 12,
Ақтөбе облысында - 5,
Маңғыстау облысында - 6,
Қостанай облысында - 2,
Жамбыл облысында - 16,
Батыс Қазақстан облысында - 16,
Павлодар облысында - 7,
Қарағанды облысында - 46,
Қызылорда облысында - 26.
Бүгінге дейін Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны - 41065-ті құрады. Оның ішінде жазылды - 13845, қайтыс болды - 188 адам.