Елімізде қосылған құн салығының мөлшерлемесі көтерілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде қосылған құн салығының мөлшерлемесі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеруге қатысты мәселе талқыланды. Біз оны көтереміз. Өйткені, Салық кодексі қызметтерінің бірі – бұл қазыналық, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру», - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында.

Осы ретте ол мұндай шешім себебін де түсіндіруге тырысты.

«Егер біз мөлшерлемені 12-ден 16 пайызға көтерсек, онда бюджетке шамамен 2-2,4 трлн теңге қосымша түсім түседі. Мөлшерлемені осылай көтеру ұсынылады. Ол қазір талқыланып жатыр», - деді Азамат Әмрин.

Осыған дейін Қазақстанда жаңа экспорттық-кредиттік агенттік құрылатыны хабарланды.