Елімізде құрастырылған автокөліктердің бағасы шетелдік көліктерге қарағанда анағұрлым төмен - А. Лаврентьев
Ал 2-орынды ауыр және жеңіл жүк техникасын қоса есептегенде 3804 бірлікті өткізген «Вираж» компаниясы, 3-орынды 3183 автокөлікті өткізген «MERCUR Auto LTD» компаниясы иеленіп отыр. Бұл жайында қазақстандық Автокөлік бизнесі қауымдастығының (ҚАБҚ) ұйымдастыруымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Сондай-ақ аталған тізімнен сатылымы 2564 бірлікті құрайтын «Астана Моторс» ҚМК пен 960 көлік өткізген «AllurAuto» компаниялары орын алған.
ҚАБҚ басшыларының пікірінше, 2010 жыл отандық автоқұрастырушы өндірістердің пайда болуымен ерекшеленеді. «Қостанай қаласында «Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ негізінде оңтүстіккореялық жол талғамайтын SscangYong» көліктерінің өндірісі іске қосылса, Алматыда жапондық «Isusu» және «Itochu» компаниялары, сонымен қатар «СВС» қазақстандық топпен ұйымдастырылған Isusu жүк көліктерін құрастыру бойынша автокеме құрылды», -дейді Қазақстандық автокөлік бизнесі қауымдастығының президенті Арсений Сидоров.
«AllurAuto» автокомпаниялар тобының бас директоры Андрей Лаврентьев те өткен жыл Қазақстанның бүкіл автобизнесі үшін жемісті болғандығын, әрі еліміздің индустриялды дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканың түрлі салаларында бірқатар автоқұрастырушы өндірістердің іске қосылғандығын жеткізді. «Автокөліктерді Қазақстанда өндіру олардың бағасының төмендеуіне және қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістер отандық экономиканың индустриялды әлеуетін арттыру бағдарламасына елеулі үлес қосады», -дейді А. Лаврентьев.
Сонымен қатар, ол елімізде құрастырылған автокөліктердің бағасы анағұрлым төмен екендігін айтады. «Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың арқасында біздің жұртшылық ақшаны орынды жұмсайтын болды. Халық қаражатын оңды-солды жұмсамай, керісінше үнемдей отырып, артылғанын баласының оқуына немесе тағы басқа қажеттілігіне жұмсайтын болды. Осы тұрғыдан келгенде бізде құрастырылған автокөліктерді алған оларға өте тиімді. Өйткені шетелде 30 мың АҚШ доллары тұратын көлік, бізде 22 мың доллар шамасында», -деп атап өтті өз сөзінде А. Лаврентьев.
Сондай-ақ ол елімізде құрастырылып жатқан автокөліктерді келешекте шетелге шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.