Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі артты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жүргізілген құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 840,5 млрд теңгені құрады.

Бұл 2018 жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда 11,5% артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚРҰлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде 433,3 млрд теңгеге инженерлікқұрылыстар, 285,3 автомагистральдар, жолдар, көшелер, темір жолдар, көпірлермен жерасты өткелдері, 251 млрд теңгеніңөндірістік ғимараттары, 246,9 млрд теңгеге тұрғын үйлер, 120,7 млрд теңгегетау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің құрылыстары салынған. Бұл – көлеміжөнінен ең көп жасалған құрылыс жұмыстары.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарыныңкөлемі 12,7% артып, 575,8 млрд теңгені құрады. Күрделі жөндеу жұмыстары бойыншақұрылыс жұмыстарының көлемі 2,9%, ағымдық жөндеу жұмыстары 7,3% артты.

Жаңа 24 687 ғимараттыңқұрылысы аяқталды, оның ішінде 23 355 тұрғын үй және 1 332 тұрғын үй емеснысаны салынды. Атап айтқанда, 13 жалпы білім беретін мектеп, 33 мектепкедейінгі ұйым және 9 амбулаторлық-емханалық ұйым салынды.

2019 жылдың қаңтар-шілдеайларында тұрғын үй құрылысына 713,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылдыңқаңтар-шілде айларында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемінен 15,2%артық.

Негізгі капиталға салынғанжалпы инвестиция көлемінде тұрғын үй құрылысындағы игерілген қаражат үлесі11,2% құрады. Тұрғын үй құрылысынқаржыландыруға салынған қаражаттың 82,1% құрылысшылардың өздеріне тиесілі.

Қаңтар-шілде айларындапайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 6 506,4 мың шаршы метрді құрады.Соның ішінде жеке үй салушылар 3 565,5 мың шаршы метрді пайдалануға берген.Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлемінің индексі өткен жылдыңқаңтар-шілде айларында 96,3% құрады.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердіңбір шаршы метрінің құрылысына жұмсалған шығынның орташа нақты мөлшері биылғыжылдың қаңтар-шілде айларында 128,6 мың теңгені құрады, ал жеке үй салушыларкөтерген тұрғын үйлерде 84 мың теңге болды.

Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар