Сондай-ақ Үкімет тарапынан мал шаруашылығы саласын қолдау бойынша да нақты шаралардың қабылданғандығын атап өткен ол: «Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарының құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарына ұрғашы ірі қара малдың басын және қыс мезгілінде олардың төлдеу мүмкіншіліктерін сақтауға Үкімет резервінен 1,5 млрд. теңге субсидия ретінде бөлінді», - деді.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 айында мал басы саны барлық түрлері бойынша 3 пайызға өскен. Аталған аралықта ет өндіру 4,1, сүт 1,5, жұмыртқа 12,6 және қой жүні 3,6 пайызға артып отыр.