Еліміздің Статитика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, республикадағы жұмыссыздар саны 201,5 мың адамға немесе 2,5 пайызға ұлғайды. Ал жалдамалы жұмысшылар саны аталған мерзімде 5,4 миллион адамды құрады.
Жұмыссыздар саны қыркүйек айындағы мәліметтер бойынша, 484,3 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайыз болды. 2010 жылдың қыркүйек айының соңында ресми деректер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 60,9 мың адам тіркелді. Мұнда тіркелген жұмыссыздардың үлесі қоғамның белсенді бөлігінің 0,7 пайызын құрады. Ал ресми органдарда тіркелмеген жұмыссыздар 0,3 пайыз деп жоспарланып отыр.