«Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың және оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады», - деп жазылған Үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабында.
Премьер-Министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларына (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі 860 қаулысымен бекітілген) мемлекеттік органдардың (ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдауы үшін бір күндік мерзімді айқындау бөлігінде өзгерістер енгізуді пысықтауда төтенше жағдай кезінде резервті сақтау.