деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш компания мемлекет пен жеке кәсіпкерлік саласының әріптестігі негізінде құрылады. Аталмыш компанияның мақсаты элеваторлар мен логистиканың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады. «Бүгінде аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, түрлі мүмкіндіктер мен ұсыныстар талқылануда. Үкімет қазір бұл мәселені зерттеп, оны қайталап, әрі тереңдетіп зерттеу жөнінде тиісті тапсырмалар да берді», деді вице-министр.