«Қазіргі таңда бізде менингококк инфекциясын жұқтыру бойынша 50 жағдай тіркелді. Өткен жылы 83 еді. Яғни, бүгінгі күні менингит жұқтыру деңгейі 47 пайызға азайды», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің айтуына қарағанда, менингитке шалдығу жағдайы бақылауда. Халыққа төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.
«Қазақстан бойынша менингитке шалдығудың көпжылғы орташа деңгейі - 2,1 пайыз. Қазіргі уақытта орташа деңгей - 0,2 пайыз. Осыдан-ақ қазіргі уақытта менингит инфекциясын жұқтыру деңгейі қаншалықты азайғанын байқауға болады», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин екпе алмаған балалар балабақшаға кіргізілмейтінін мәлім еткен еді.