«Қазіргі кезде елімізде мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш еліміздегі жалпы халық санының 3,7 пайызын құрап отыр», - деді Сенат депутаты Ләззат Қалтаева палатаның жалпы отырысында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, аталған 700 мың адамның 59 пайызы еңбекке қабілетті жаста, сондай-ақ бұл санаттағы балалар 14,7 пайызды құрады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады.
Заңның мақсаты - 2006 жылғы 13 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау.