Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фрилансерлер мектебі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фрилансерлер жазғы мектебі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл идея маған осыдан 1-2 жыл бұрын келді. Мен ол кездемүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істедім. Сонда ол кісілер қашықтықтан жұмысістеу мүмкіндігі қарастырылса, бізге қалада жүріп тұру қиын дегентұғын. Соданойымды жүзеге асыру мақсатында осы жобаны қолға алдым. Жобамның тұжырымдасыналып қалалық әкімдікке бардым, әкімдік бірден қолдау білдірді», - деді жобаидеясының авторы Ұлан Әбішев.

Аталған жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардыфрилансер болып және әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге үйрету.

«Фрилансерлер курсына 36 елордалық тіркеліп, ниет білдірді.Бүгін курстың алғашқы күні онда 20 адам дәріс алып жатыр. Жоспарға сәйкес олар3 күн офлайн түрде дәріс алады және 3 күн қашықтықтан оқиды. 1 аптаға созылатынкурс соңында қатысушыларға арнайы сертификат беріледі. Оқытушы ретіндефрилансерлік жұмыс істеу тәжірибесі бар және әлеуметтік желілердің белсендімамандарын шақырдық», - деді ол.

Оның айтуынша, пилоттық нұсқа ретінде қолға алынған бұл жобасәтті жүзеге асырылса, алдағы уақытта республикалық деңгейде қолға алынатынболады.

«Біздің түпкі мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналғанфрилансерлердің ұлттық желісін құру. Яғни, бұл жоба ойдағыдай жүргізілсе, алдағы уақытта республиканың барлықөңірлерінде ашылатын болады. Тағы бір айтып өтетін жайт, біз қатысушылардытіркегенде мүмкіндігінше өздігінен жүріп тұра алмайтын жандарды қатыстыруғатырыстық. Себебі ол кісілердің жұмыс істеуге қабілеті болғанымен, оларға жұмысберушілер табыла бермейді», - дейді жоба авторы.