«Иә, біз мұнай өндірудің жоспарлы көлемін қысқарттық. Өздеріңіз білетіндей, біз 90,5 миллион тонна мұнай өндіруіміз керек еді. Бұл жерде мәселе тек қана МАЭК-тегі апаттан емес. Кен орындарында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүрді. Сондай-ақ жөндеу жүргізудің қосымша көлеміне байланысты да мәселелер туындады. Осы орайда қазір электр энергиясын күніне 12 мың тоннаға дейін шектеуге байланысты біз жоспардан ауытқып отырмыз. Яғни электр энергиясын жеткізудегі шектеулерге байланысты тәуліктік мұнай өндірісі төмендеді», - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1,5-2 миллион тоннаға дейін төмендеуі болжанып отыр.
«Жыл қорытындысы бойынша мұнай өндіру шамамен 89,4 миллион тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Бірақ динамиканы көрейік, өйткені кен орындарында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», - дейді ол.