Елімізде наурыз айында күнкөрістің төменгі шегі - 12 мың 243 теңгені құрады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде осы жылдың наурыз айында күнкөрістің төменгі шегі - 12 мың 243 теңгені құрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. «Негізгі азық-түлік тағамдарының төменгі тұтыну нормасын назарға ала отырып есептелген күнкөрістің төменгі шегі орташа есеппен алғанда жан басына шаққанда 2009 жылдың наурыз айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға кеткен шығынның үлесі 19,3 пайызды, сүт, май өнімдері және жұмыртқа ? 16,6 пайызды, жеміс-жидектер мен көкөністер ? 12,1 пайызды, нан өнімдері ? 9,8 пайызды, қант, шәй және дәмдеуіштер ? 2,2 пайызды алады», делінген Агенттіктің бүгінгі таратқан хабарламасында.