«Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 35% өсіп, 98,4 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 47,5% өсіп, 63,8 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 37,5%-ке ұлғайып, 19,3 млрд АҚШ долларын құрады»,-деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ ол тауарлар импорты 34,6 млрд долларға жеткенін атап өтті.
«Жалпы оң сауда балансы 29,3 млрд АҚШ долларын құрады. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсім сақталып келеді. Осы жылғы қаңтар-қазандағы өндіріс көлемі 4,3% өсті. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы ең жоғарғы өсімді көрсетті», -деді министр.