.«Жақын арадағы келешекте, 2010 жылдың ақпанына дейiн кәсіпорындар басшыларының бағалауы бойынша, iскерлiк белсендiлiктiң өсу беталысы сақталады. Сонымен, кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы қарашамен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, 6 пайызды құрайды», делінген Агенттік таратқан хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, ағымдағы жылғы қарашада ағымдағы жылғы қазанмен салыстырғанда сұралған сауда кәсіпорындары басшыларының бағалаулары бойынша, тауар қорлары деңгейінің азаюы және қаржы-экономикалық ахуалының жақсаруы байқалған. Жақын арадағы 2-3 айда респонденттер қаржы-экономикалық ахуалының ары қарайы жақсаруын күтеді.
Сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы қарашада ағымдағы жылғы қазанмен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, 9 пайызды құрады (маусымдық фактор есебімен). Іскерлiк белсендiлiкке қатысты ұқсас жағдай, жетекшiлердiң болжам бағалары бойынша 2010 жылдың ақпанына дейiн күтіледі. Сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің индексі 2009 жылғы қарашамен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, 11 пайызды құрайды.