Аталған мекеменің бүкіл авиабөлімшелерінің барлық жеке құрамы күшейтілген әскери дайндыққа көшірілгендігін атап өткен Е.Нысанбаевтың сөзіне қарағанда, өрт туындаған жағдайда азаматтардың хабарласуы үшін табиғатты қорғау мекемелерінде арнай телефон нөмірлері жұмыс істейді. Сонымен қатар ормандардағы өрт қаупінің күшейіп тұруына орай барлық табиғатты қорғау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінде, орман шаруашылықтарының филиалдарында тілсіз жаудың алдын алу іс-шараларының орындалуына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар бекітілген.
Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасының айтуынша, сондай-ақ өрт қаупінің жоғары санаты орын алып отырған «Ертіс орманы», «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваттарында түнгі уақытта да кезекшілік ұйымдастырылған.