Елімізде Рахат Әлиевтің кітабын тәркілеудің бір фактісі тіркелді - Бас прокуратура

АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабын тәркілеудің бір  фактісі тіркелді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоганн Меркель мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республика бойынша бұл кітапты аз көлемде тәркілеудің бір  ғана фактісі тіркелді. Меніңше, тәркілеу кезінде осы басылымның бар-жоғы 5 данасы  ғана болған», - деді И. Меркель.

Оның айтуынша, бұл кітап Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріп жатқан қылмыстық істе айғақ зат ретінде танылған және іске қоса тіркелген. 

Аталған басылым еліміздің шығыс өңіріне  Ресейден алып келе жатқан   Қазақстан азаматынан тәркіленген.