Аталған жүйені енгізу сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Жүйе ДСҰ ережелеріне және халықаралық стандарттарға толық сәйкес жасалған.
Сынақ алаңы ретінде Астананың кедендік рәсімдеу орталығы таңдалды, ал 2017 жылдың 1 шілдесіне қарай жүйені бүкіл Қазақстанға енгізу жоспарланып отыр.
«Бұл жүйе декларанттарды салық төлеушілер базасымен тексеруге, нақты уақытта кедендік транзитті қадағалауға, түскен кірісті бақылауға және кедендегі жемқорлықпен, контрбандамен күресуге мүмкіндік береді», - дейді Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.
Әзірлеуші мамандардың айтуынша, АСТАНА-1 жүйесі барлық қадағалау мекемелерінің өзара іс-қимылын тиімді ететін Бірыңғай терезенің негізін қалайды.
Пилотты сынақтар жүргізу үшін Астанаға БҰҰ сарапшылары келді. Олар жүйені 24/7 режимде жүргізіп, қолданушыларды жаңа жүйеге үйрететін болады.