Елімізде салынатын атом электр стансасының орны наурыз айында белгілі болады

АСТАНА 7 ақпан. ҚазАқпарат - Елімізде салынатын атом электр стансасының орны наурыз айында белгілі болады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның өткен жылдың қорытындылары мен ағымдағы жылғы міндеттеріне байланысты өтіп жатқан кеңейтілген алқа мәжілісінде қор басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Атом электр стансасының салынатын орны мен конфигурациясына байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ұсыныс дайындап жатыр. Бұл ұсыныс Үкіметтің қарауына наурызда енгізіледі»,-деп атап өтті Ө. Шөкеев.