«Түрлі бағалаулар бойынша 2012 жылы еліміздегі электрондық төлемдер нарығының көлемі 300-400 млн. долларды құрады. Соңғы 2 жылда ол жылына 70-80 пайызға дейін өсті. «МастерКард» мәліметіне қарағанда, былтыр қазақстандық банк карточкаларын қолданушылар электрондық төлемдер арқылы шетелге 1,4 млрд. доллар аударған», - дейді Processing.kz-тің тең қожайындарының бірі Константин Горожанкин. Оның айтуынша, Қазақстанның электрондық төлемдер нарығы 2015-2016 жылдары 3 млрд. долларды құрауы мүмкін. 3 жыл бұрын жасалған бұл есептеулер оны растап отыр. Қазір еліміздегі 1200 интернет дүкеннің 500-інде ғана кем дегенде аптасына 1 рет транзакция жасалады. Қалғандарында ондай көрсеткіш жоқ. Жалпы қазір республикадағы сауданың 0,45 пайызы ғана интернет арқылы жүзеге асырылған. Ал бұл Ресейде 4 пайызды құрауда.
22:07, 14 Қараша 2013
Елімізде сауданың 0,45 пайызы ғана интернет арқылы жасалады
АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық банк карточкаларын қолданушылар 2015-2016 жылдары электрондық төлемдерге 3 млрд. доллар қаржы жұмсауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда жаңадан құрылған Интернет бизнес пен мобильді коммерцияның қазақстандық қауымдастығының баспасөз мәслихатында айтылды.