Елімізде сәуір айында күнкөріс минимумының мөлшері - 12 мың 377 теңгені құрады

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Осы жылдың сәуір айында еліміздегі күнкөріс минимумының мөлшері - 12 мың 377 теңгені құрады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. «Негізгі азық-түлік тағамдарының төменгі тұтыну нормасын назарға ала отырып есептелген күнкөріс минимумының мөлшері орташа есеппен алғанда жан басына шаққанда 2009 жылдың сәуір айында өткен аймен салыстырғанда 1,1 пайызға, ал 2008 жылдың сәуіріне қарағанда 3,8 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға кеткен шығынның үлесі 19,3 пайызды, сүт, май өнімдері және жұмыртқа ? 16,2 пайызды, жеміс-жидектер мен көкөністер ? 12,5 пайызды, нан өнімдері ? 9,6 пайызды, қант, шәй және дәмдеуіштер ? 2,4 пайызды алады», делінген Агенттіктің бүгінгі таратқан хабарламасында.