Оның деректеріне қарағанда, биылғы жылдың 11 айында соттар 44 мың 305 қылмыстық іс бойынша өндірісті аяқтаған. Олардың 15 мың 952-і, яғни 36 пайызы қайта қаралған. «Осылайша қылмыстық істер бойынша сот актілерінің 6, пайызының бастапқы күйінде қалатындығын байқауға болады», - деді Жоғарғы сот төрағасы.
Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдерді өзгерту көрсеткіші бұрынғы жылдардағыдай, яғни 0,6 пайызды құрап отыр. «Жалпы алғанда жоғары деңгейдегі сот өкілдері 292 азаматқа қатысты үкімді өзгерткен. Бұл көрсеткіш 2010 жылдың 11 айында 347 адамды құрады. Яғни елімізде сот органдары шығаратын үкімдердің 99,4 пайызы заңды деп танылады», - деді Б.Бекназаров.