«Сіздерге еліміздің өзендер ағынының қалай қалыптасатыны туралы қысқаша айтып өтейін. Қазақстанның су ресурстарының көлемі 90 -100 текше шақырымды құрайды. Оның ішінде 50,8 текше километр – жергілікті ағын, ал қалғаны 39,2 текше километр – Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келіп түседі. Жер асты суларының қоры 3,5 мыңнан астам кен орындарында барланған. Ол жылына 15,5 текше шақырымды құрайды», - деді С. Брекешев.
Оның айтуынша, былтыр еліміз бойынша су тарту 24,9 текше километрді құрады, оның ішінде 15 текше километр (65%) су ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына жұмсалды.
«Суды тиімсіз қолдану 3 текше шақырымға жетті», - деді министр.