Сонымен қатар табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен ауылдық жердегі халықтың үлесі табысы күнкөріс деңгейінен төмен қалалық жердегі халықтың үлесінен 3,8 есеге артып, 5 пайызды немесе 385,6 мың адамды құрап отыр. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Агенттік мәліметіне қарағанда, 2014 жылдың 1 тоқсанында табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың басым үлесі Оңтүстік Қазақстан (5,4 пайыз), Жамбыл (4 пайыз), Қызылорда (3,9 пайыз), Атырау (3,8 пайыз) облыстарына тиесілі. Ал ондай санаттар ең аз қоныстанған өңір Астана (0,5 пайыз) және Алматы (0,7 пайыз) қалаларында байқалған. «Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары олардың материалдық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Халықтың шығыстары мен тұтынуы децильдік бөлу кезінде табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Мысалы, 2014 жылдың 1 тоқсанында 10 пайыз ең аз және 10 пайыз ең көп қамтамасыз етілген халықтың азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстары арасындағы айырмашылық 4,1 есені, азық-түлік емес тауарларға - 7,2 есені, ал ақылы қызметтерге - 8 есені құрады», - делінген баспасөз баянында.
15:32, 12 Маусым 2014
Елімізде табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны 508,9 мың адамды құрап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасында табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2014 жылдың 1 тоқсанында 3,0 пайызды немесе 508,9 мың адамды құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 0,1 пайызға төмен.