Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінденормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста нормадан төменболады.
Бірінші онкүндікте циклонның ықпалымен республиканыңбасым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді.Республиканың тек оңтүстігінде ғана күн ашық болады.
Бірінші онкүндікте батыста, солтүстік-батыста ауатемпературасы 15-25 градус, солтүстікте 17-25 градус, орталықта 25-33 градус,шығыста 30-38 градус, оңтүстіктежәнеоңтүстік-шығыста 30-38 градус болады.
Ал, айдың басында жылы ауа массаларының ауысынабайланысты күн бұлттанып, ауа температурасы көтеріледі. Батыста,солтүстік-батыста температура23-31 градус, солтүстікте 25-33 градус, орталық пен шығыста 33-39 градус, кейжерлерде 41 градусқа дейін ыстықболады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33-39 градусқа дейін, кей жерлерде 43градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.