«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қаржы ұйымдары қаржысы есебінен қаржыландыру болжануда. Бүгінгі тағда қолымда бар жобаларға таяу жылдардың ішінде шамамен 20 млрд. теңге тартуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, 2016 жылға да дәл осындай көлемде субсидия бөлу немесе инфрақұрылымдық гранттар тарту көзделіп отыр.
«Бұл шара еліміздің халқы үшін тарифтердің өсіміне жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр. Субсидия берудің ережесі әзірленуде. Біз оны халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жасаудамыз. Қазіргі уақытта аталған ереже келісілуде. Меніңше, ол таяу уақытта қабылданып, бекітілетін болады», - деді басқарма басшысы.